Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы

Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы 1973 жылы 16 желтоқсанда көп балалы, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 

Білімі:

1980-1990жылдары №8 орта мектебінде оқып, білім алып шыққан. 

1991жылы №8 орта мектебінде пионерлер жетекшісі болып, сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау педагогика университетіне түсіп, 1996жылы бітіріп шыққан. 

Еңбек жолдары:

1996 – 2001жылдар арасында №8 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасаған. Жұмыс жасау барысында «Ауыл жастары» ойын-сауық отауы ұйымдастырып, әуесқой ақын ретінде шығармалары баспасөзге көрініп, кент жастарын көтеру істеріне араласып, , кентімізге Мәдениет үйін, жаңа мектеп сұрап, түрлі сайыстар мен байқаулардан жүлдегер атанып,  мектеп өміріне де белсене араласқан. 

2001жылы жас маман кезімнен тәрбие жұмысының орынбасары болып тағайындалдым. 

2001-2009жылдар арасында отбасы жағдайыма байланысты, бала күтімімен, үйде болған. 

2009жылы №8 орта мектебіне қайтадан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қабылданған. 

2011 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, әдістемелік жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметтеріне тағайындалған. Жетібай ауылы жергілікті тұрғындар қауымдастығының 2015 жылдан бері алқа мүшесі. Қазіргі таңда Алматы МБА-да "Менеджмент в образований" (Білім беру ісін басқару) мамандығы магистранты. Грант иегері. 

Марапаттаулар: 

2012жылы Облыстық білім басқармасы қосымша білім беру кешені директорының «Алғыс хатымен», 2012 ж Жетібай кенті әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2012 ж облыс  әкімінің «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» байқауынан «Бас жүлде» гранты иегері. 

2012жылы облыстық білім басқармасының арнайы  «Алғыс Хаты» иегері болса,  2013жылғы үздік әдістемелік жұмысы үшін облыстық білім басқармасының «Алғыс Хатымен», 2014жылы облыстық  «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының «Алғыс Хатымен» марапатталған. 

2014жылы  «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік сабақтары» тақырыбында шыққан облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің үздік 20 сабағы жинағына сабағым енсе,  облыстың алдыңғы қатарлы  филологтарының қатарында «Маңғыстау филологтары» жинағына енген.

2014жылғы аудандық білім үйлестіру орталығының І дәрежелі дипломымен, 2015жылы республикалық шығармашылық шеберлікке баулу орталығының «Алғыс Хатымен» марапатталған.