Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы

Өмірбаян

Мен, Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы, 1973жылы 16желтоқсанда көп балалы, жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1980-1990жылдары №8 орта мектебінде оқып, білім алып шықтым. 1991жылы №8 орта мектебінде пионерлер жетекшісі болып, сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика университетіне түсіп, 1996жылы бітіріп шықтым. 1996 – 2001жылдар арасында №8 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасадым. Жұмыс жасау барысында «Ауыл жастары» ойын-сауық отауы ұйымдастырып, әуесқой ақын ретінде шығармаларым баспасөзге көрініп, кент жастарын көтеру істеріне араласып, , кентімізге Мәдениет үйін, жаңа мектеп сұрап, түрлі сайыстар мен байқаулардан жүлдегер атанып, мектеп өміріне де белсене араластым. 2001жылы жас маман кезімнен тәрбие жұмысының орынбасары болып тағайындалдым. 2001-2009жылдар арасында отбасы жағдайыма байланысты, бала күтімімен, үйде болдым. 2009жылы №8 орта мектебіме қайтадан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қабылдандым. 2011 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, әдістемелік жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметтеріне тағайындалдым. Жетібай ауылы жергілікті тұрғындар қауымдастығының 2015жылдан бері алқа мүшесімін. Қазіргі таңда Алматы МБА-да "Менеджмент в образований" (Білім беру ісін басқару) мамандығы магистрантымын. Грант иегерімін. Отбасымда жолдасым, 4 балам бар. Үлкен ұлым Астана қаласында Бизнес және технология университетінің ІІ курс студенті. Екінші ұлым Ақтау қаласы Ш.Есенов университетінің І курс студенті. 2балам мектепте оқиды. Қатысқан, дайындаған сайыстарым мен байқауларымда үнемі үздік нәтиже көрсетіп, ұжымымда сыйластыққа, басшылықтан марапаттарға ие болдым.

Марапаттаулар:

2012жылы Облыстық білім басқармасы қосымша білім беру кешені директорының «Алғыс хатымен», 2012 ж Жетібай кенті әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 2012 ж облыс әкімінің «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» байқауынан «Бас жүлде» гранты иегері. 2012жылы облыстық білім басқармасының арнайы «Алғыс Хаты» иегері болса, 2013жылғы үздік әдістемелік жұмысы үшін облыстық білім басқармасының «Алғыс Хатымен», 2014жылы облыстық «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының «Алғыс Хатымен» марапатталдым. 2014жылы «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік сабақтары» тақырыбында шыққан облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің үздік 20 сабағы жинағына сабағым енсе, облыстың алдыңғы қатарлы филологтарының қатарында «Маңғыстау филологтары» жинағына ендім. 2014жылғы аудандық білім үйлестіру орталығының І дәрежелі дипломымен, 2015жылы республикалық шығармашылық шеберлікке баулу орталығының «Алғыс Хатымен» марапатталғанмын.