Біздің мектебіміз №3 мектептің құрамынан 1968 жылы № 20 сегізжылдық мектеп болып бөлініп шықты. Мектеп алғашқы оқу жылын 17 сынып, 482 оқушы, 20 оқытушымен бастады. 1975 – 1976 оқу жылынан бастап №8 орта мектепке айналды. 2005 ж бастап мектебімізге жаңа ғимарат  қолданысқа берілді. 1991 ж бастап мектебімізді жоғары санатты мұғалім , “Білім үздігі”  Челеева Несібелі Көшкінбайқызы басқарып келеді.
Тереңдетіп оқу жолға қойылған.
  2007 – 2011 ж аралығында Юсупов Рустем ашқан физика пәнінен тереңдетілген сынып көптеген жетістіктерге жетті.
  2012 ж Сейдағалиева Балжарқын ағылшын тілі пәнінен тереңдетілген сынып ашты.Білім сапасы 100%
  2013 ж Атагараева Айнур  ағылшын тілі пәнінен тереңдетілген сынып ашты.Білім сапасы 100%.
  Бұл сыныптардың оқушылары Халықаралық деңгейдегі сайыстардан және Қазақстан интернет олимпиадасынан  жүлделі орын  алып отыр.

Біздің мектептің жетістіктері:

1982 жылы Тінеева Қанзиба «Алтын медальмен» марапатталды.
1990 жылы Жылқыбаева Маржан «Күміс медальмен» марапатталды. Қазіргі күнде филолгия ғылымының кандидаты.
1996 жылы Байсарова Гүлбану «Қызыл аттестатпен» марапатталды.
1999 жылы Жұмажанова Арман «Қызыл аттестатпен» марапатталды.
2002 жылы Көшкінова Нұрбибі «Қызыл аттестатпен» марапатталды.
2010 жылы Семғали Алия «Алтын медальмен» марапатталды.
2007-2008 жылдары «Тәуелсіздік жаңғырығы» фестивальінен «Үздік ұжым», «Маңғыстау жұлдыздары» фестивальінен «Үздік ұжым» атағымен марапатталды.

Светқали Нұржанов – Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.
Кенжебаева Дина – педагогика ғылымының кандидаты.
Кенжеғараева Гүлфайруза – Республикалық Абай оқуларының Гран При иегері.
2012 ж Кенжеғараева  Гүлфайруза “Абай оқулары” сайысынан вокал категориясы бойынша  “Бас жүлде” алды.
2010 ж  Кіші Ғылым Академиясы Дүйсенбай Ерлан І орын.
2012 ж КҒА Хасан Жамбыл және Базархан Гүлшат ІІ орын алды.
2013 ж КҒА  Жеңіс Әсем және Нұрқуат Саягүл  ІІІ орын алды.
2014 ж КҒА Сисенова Инабат І орын және Кемел Дана ІІ орын алды.
2014 ж КазАтомПром “Жасанды энергия ” атты шығармалар сайысы І орын , IPAD сыйлығымен марапатталды.
2013 ж Санкт – Петербург ИТМО университеті.Физика пәнінен олимпиада.12 оқушы жүлделі орын алды.
2012 ж“Кенгуру – лингвист “ конкурсы 9 оқушы ІІІ орын
2014 ж “Новый урок” конкурсы физика – математика пәнінен 12 оқушы орын алды.
“Новый урок ” конкурсы ағылшын тілінен 17 оқушы орын алды.
2012 ж “ Табиғатпен үндес мектеп”марапатын жеңіп алды.
2010ж “ Маңғыстау маржандары ” фестивалі І орын алды.
2011 ж “Сахна саңлақтары” драмалық қойылым “Бас жүлде” .